$ 494.63  583.22  6.42

«Өмірімнің мәні кетті»: Рамазан Амантай ішімдікті қойып қиналып жүргенін айтты (ВИДЕО)

Ол ішімдікке әуес болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал актер, продюсер Рамазан Амантай өзінің зиянды әдеттерінің бірін ашық түрде мойындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол ішімдікке әуес болған.

"Өткенге тастап кеткім келетін нәрселердің бірі ішімдік. Ішімдікті жиі ішетінмін, жақында ғана тастадым денсаулығым үшін. Бірақ ішімдіксіз өмірімнің мәні, бояуы кетіп қалды. Бұрын батылдық үшін ішетінмін. Ішімдік ішіп бата алмайтын адамға ішімдегінің бәрін айтып-айтып тастайтынмын. Өзімді баһәдүр сезінетінмін. Ондай тәуелді алқаш емеспін. Бірақ сауықшыл жігітпін", - деді ол.

Желі қолданушылары актерға шынайы болғаны үшін қолдауларын білдірді.

"Шынайы жігіт екен", "Сырадан семірген шығар", "Бәрі жақсы болады", "Депрессияға түскен шығар", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0