10.02.2026, 12:00

«Анамның орнын басқан жан»: Абай Бегейдің қызы нағашы әжесіне тосынсый жасады (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Әжеңіз жүз жасасын!

Танымал әнші Абай Бегейдің үлкен қызы нағашы әжесіне арнап ән айтып, елді тебірентті. Жылы жүздесу кезінде немересінің орындауындағы әнді тыңдаған әжесі көзіне жас алып, бұл әсерлі сәт желі қолданушыларының да жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Видеода Абай Бегейдің қызы әжесіне деген құрметін ән арқылы жеткізсе, әжесінің толқып, көз жасына ерік беруі көрермендерді бейжай қалдырмады.

Желі қолданушылары бұл көрініске ерекше әсерленіп, пікірлерін жарыса жазып жатыр:

«Әжеңіз жүз жасасын», «Дауысы әдемі екен, жүректен шыққан ән екені көрініп тұр», «Өзіміз де жылап қалдық қой», «Немеренің әжесіне деген махаббаты қандай керемет», «Осындай сәттер көп болсын», – деп жазды көрермендер.

Көпшілік бұл видеоны отбасылық құндылықтарды насихаттайтын, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілікті көрсететін үлгі ретінде бағалап отыр. Әсіресе немеренің әжесіне арнаған әні мен үлкен кісінің ақ батасы жұртшылықтың көңілін босатқан.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ата-әже мен немере арасындағы жылы қарым-қатынасты көрсететін бейнежазбалар жиі жарияланып жүр. Мұндай видеолар көрермендерге мейірім мен адамгершіліктің қадірін еске салып, жағымды эмоция сыйлайды.