Өнер иесі әйел адам өмір бойы сыртқы келбетіне қатысты мәселелермен айналысатынын айтып, оқырмандарына ой салды.
Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова шаш мәселесіне қатысты жеке тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі әйел адам өмір бойы сыртқы келбетіне қатысты мәселелермен айналысатынын айтып, оқырмандарына ой салды.
«Әйел адам, өмір бойы осы тіс және шашпен алысып өтетін шығар, иә?», – деп жазды актриса.
Оқырмандарының бірі шашының жағдайын сұрағанда, ол қысқа жауап қайырған. Актриса бұрын да осы мәселемен күрескенін жасырмады.
«Бір жылдары мен де қып-қысқа шашпен жүрдім. Ұнағаннан емес, өспегендіктен. Астанадағы бар трихологтардың есігін тоздырғам», – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол күтім құралдарын жиі ауыстырудың да дұрыс емес екенін атап өтті
«Вооот осыны байқау керек. Сусабын мен мастеріңізді жиі ауыстырасыз ба? Негізі сол дұрыс емес екен. Мен соңғы бірнеше жылда бір адамға қидыртамын, бір ғана продукцияны қолданамын», – деді актриса.
Актрисаның жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік өз тәжірибесімен бөлісіп жатыр.