$ 494.75  586.77  6.38

«Отбасы бар»: Димаш Құдайбергеннің жасырын үйленгені туралы сыбыс шықты

Ал пікір білдірушілер Димаштың бұл сөзінен дүбірлі тойдың уақыты алыс емес екенін сезген.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Желі Димаш Құдайбергеновтің үйлену туралы айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Threads қолданушысы жазды. 

"Үйлену керек деген әңгіме екенін түсініп отырмын. Бұйырса көреміз. Асығысатын түк жоқ, бәрі Құдайдың қолында. Алдағы уақытта... Уақыт көрсетеді", - дейді әйгілі әнші. 

Ал пікір білдірушілер Димаштың бұл сөзінен дүбірлі тойдың уақыты алыс емес екенін сезген. Сондай-ақ сері жігіттің баяғыда-ақ үйленіп алғанын жазғандар да бар. 

"Димаш жақында үйленетін секілді. Айтуына қарағанда әлде маған солай сезілді ме? Адал қыз, адал келіншек бұйырсын", "Димаштың отбасы бар сияқты көрінеді маған", "Ақ маңдайлы, инабатты қыз бұйырсын", "Бәрі Алланың қолында", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0