Жұрт үлкен басымен орнынан тұрып сәлем берген Мақпал Жүнісованың тектілігіне тәнті болды.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина тойдағы әрекетімен елдің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол жолдасы Қыдырәлі және Мақпал Жүнісовамен бір дастархан басында отырған. Сол сәтте Төреғали Төреәлі мен әйелі Толқын келіп амандасты. Қыдырәлі мен Мақпал ханым орнынан тұрып, құшақтап амандасса, Қарақат отырған күйі бетінен сүйген.
Жұрт үлкен басымен орнынан тұрып сәлем берген Мақпал Жүнісованың тектілігіне тәнті болды. Ал Қарақатты өркөкірек, тәкаппар деп айыптауда.
"Қарақат Мақпал болу үшін қайта туып келсін", "Қарақат Мақпалдан біраз нәрсені үйренуі керек", "Мақпал апай орнынан тұрып амандасып жатыр", "Адам өнерін емес, алдымен тәрбиесін көрсетуі керек", "Былшыйып отыр ғой жолдасы тұрып амандасты. Мақпал әпкеге сөз жоқ, өмірі ұзақ болсын!", "Мақпал апайдың кішіпейілділігі мен тектілігі қандай керемет", "Қарақаттарың кекірейіп отыр ғой өз деңгейін көрсетіп", "Ұлық болсаң, кішік бол деген, Қарақаттыкі дұрыс емес", "Қарақат көкіректеніп отыр", деп жазды оқырмандар.