"Достарымыздың інісі мен келіні".
Танымал әнші Жазира Байырбекова болашақ құдалары жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сөзінше олар бір-бірін 15 жылдан бері таниды.
"Біздің отбасымызға тілекші болып жатқандарыңыз өздеріңізге де жұғысты болсын. Болашақ құдағиымның сұлулығына осыдан 15 жыл бұрын таң қалғанмын,таң қалмайтын адам жоқ шығар. Құдам да өте сымбатты жігіт. 15 жылдан бері танимыз.Ал келініммен жақында таныстық. Құдам мен құдағиым Жанболаттан 11 жас,менен 7 жас кіші. Достарымыздың інісі мен келіні. Китсіз қандай той болады деген сұрақ көп екен. Китсіз дегеніміз киілмейтін мата-сата ғой. Басқа кәделердің (қалың мал,ана сүті,алтындар,шапандар,қоржын) бәрі әрине болады. Алла қаласа сіздердің дұға тілектеріңіздің арқасында бәрі жақсы өтеді. Рахмет", - деп жазды ол.