$ 491.88  585.83  6.36

«Жүрген жері той-думан»: Мақпал Жүнісованың жастармен билеген биі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Көпшілік оның жасы ұлғайса да сергектігін, өмірге деген құштарлығын және қарапайым қалпын жоғары бағалап жатыр

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Халық әртісі Мақпал Жүнісованың жастармен бірге билеп жүрген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Өнер сахнасында ғана емес, күнделікті өмірде де әншінің әр қадамы көпшіліктің назарын өзіне аударады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбада Мақпал Жүнісова жастармен бірге еркін қимылдап, көңілді атмосфера қалыптастырғанын көруге болады. Еркін мінезі, ашық болмысы мен өзіне тән харизмасы оны көрген жанды бейжай қалдырмайды.

Оқырмандар мен желі қолданушылары да өнер иесінің бұл қылығына сүйсіне пікір қалдыруда:

«Мақпал апай жүрген жерін билетіп жүреді»,
«Нағыз қазақы ерке қыз ғой»,
«Жастайынан энергиясы таусылмаған адам»,
«Жастардан кем емес, керісінше, үлгі боларлық» – деп жазуда.

Көпшілік оның жасы ұлғайса да сергектігін, өмірге деген құштарлығын және қарапайым қалпын жоғары бағалап жатыр. Әншінің өнері ғана емес, мінезі мен өмірге деген көзқарасы да жұртқа ерекше әсер қалдыратыны байқалады.

Өнерімен де, болмысымен де ерекшеленетін Мақпал Жүнісова көпшілік үшін әлі де қызық әрі өзіне тартатын тұлға болып қала бермек. Оның әрбір әрекеті желіде қызу талқыланып, тыңдарман тарапынан жылы қабылданып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0