11.02.2026, 13:40

«Түнімнің тыныштығы...»: Жігер Ауыпбаев сүйіктісін туған күнімен құттықтады (ФОТО)

Фото: @jiger_auypbaev_official

Ол ғашығына әлеуметтік желідегі парақшасында махаббатқа толы жазба жариялады. 

 

Жас қызбен көңіл жарастырып, сынның астында қалған әнші Жігер Ауыпбаев сүйіктісін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол ғашығына әлеуметтік желідегі парақшасында махаббатқа толы жазба жариялады. 

"Күнімнің нұры, түнімнің тыныштығы болған құрметті кішкентай ғана махаббатым! Сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Көпшілігі өмірдегі бар жақсылықты тілейді, бірақ көрсете алмайды. Ал біз Алла қаласа өмірдегі бар жақсылықты бірге көреміз! Ең бастысы қандай жағдай болмасын жанымда болсаң болды!