11.02.2026, 15:20

«Ерболат Құдайбергенов ұсталды»: Әншінің менеджері мәлімдеме жасады

Фото: видеодан скрин

Кадрлардан ер адамды полицейлер ұстап жатқаны байқалады.

Желіде танымал әнші Ерболат Құдайбергеновті полиция қызметкерлері ұстап, наркологиялық бөлімге жеткізгені жайлы видео тарады. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кадрлардан ер адамды полицейлер ұстап жатқаны байқалады. Ал екінші видеода ер адам ағаштар арасынан зат іздеп жүр, сондай-ақ боғауыз сөздер айтады. Жазба авторлары бұл видеодағы адамды Ерболат Құдайбергенов деп көрсеткен.

Ерболат Құдайбергеновтің менеджеріне аталмыш жайтқа қатысты журналистер жүгінген. Әншінің менеджері Айдана Ахметбек желіде тараған видео мен ондағы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. Оның сөзінше, видеодағы адам – Ерболат Құдайбергенов емес.

“Желіде тараған ақпарат жалған. Әншінің ата-анасы оның Алматыда екенін айтып отыр. Ол кісімен 1 апта бұрын көрістік, ол кезде бәрі жақсы болған. Видеодағы ер адам Ерболат емес, ұқсамайды. Жалған ақпарат таратқандарға шара қолданамыз”, - деді ол.