$ 490.58  584.77  6.34

«Үш баласы бар деп кім айтады?»: Баян Алагөзованың қызы елді аузына қаратты (ФОТО)

Баян Алагөзованың қызын жаңа образы арқылы қызу талқыға түсті.

Фото: @aissaulebakytbek
Фото: @aissaulebakytbek

Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы, блогер әрі интервьюер Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында жаңа фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда Айсәуле қара-ақ түсті қысқа көйлекпен, жинақы әрі нәзік стильде көрінеді.

Образына үйлескен әшекейлер мен сәнді аяқкиім, жұмсақ толқынды шаш үлгісі және жеңіл макияж фотоларға романтикалық реңк берген. Желі қолданушылары блогердің сырт келбетіне жоғары баға беріп, үш баланың анасы екеніне қарамастан, оның жинақы әрі тартымды образын ерекше атап өтті. Жарияланым қысқа уақыт ішінде ондаған мың қаралым жинап, жүздеген пікірге ұласқан.

Пікір қалдырғандар арасында «әдемі», «ерекше келбет», «үш баланың анасы екені білінбейді», «көркіне көз тоймайды» деген мазмұндағы жылы лебіздер жиі кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Бақытбек өзінің физикалық формасын қалай сақтайтыны туралы да желіде бөліскен болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0