12.02.2026, 19:00

«Бірге көрсек қуанамыз»: Кәмшат Жолдыбаева мен күйеуінің видеосы көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

“Бізді осындай кейіпте қайда жібересіздер?”. 

Сахнадан көрінбей кеткен танымал әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Кәмшат Жолдыбаева күйеуі, актер Ғазрет Қажымұқанұлымен сәнді образда түскен видео көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеоны өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Ерлі-зайыпты алдымен үй киімінде жүреді, кейін бірге дайындалып, соңында сыртқа шығуға арналған сәнді образдарын көрсетеді.

Кәмшат серуенге қара түсті денебітімді шалбар, ашық түсті жемпір таңдап, үстіне кең әрі қою түсті пәлте жамылған. Былғары етік, папаха пішіндес ақ бас киім мен сөмке оның образын толықтырды. Ал Ғазрет қара водолазка, ашық түсті шалбар, қара аяқ киім, пәлте киіп, ұзын шарф тақты.

“Бізді осындай кейіпте қайда жібересіздер?” – деп сұрады әнші оқырмандарынан.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың видеосын жылы қабылдады.

“Әдемі жұп”, “Атмосфералық жерге кофе ішуге, киноға, шопингке”, “Екеуіңіз де өте әдемісіздер”, “Кәмшат өте нәзік, керемет жарасымды жұп”, “Бәрібір де актерлік өнер көрініп тұрады екен”, “Сіздерді көрсем қуанып кетемін”, – деп жазды олар.