13.02.2026, 17:40

«Анасынан асып түсейін деп тұр»: Қыдырәлі мен Қарақаттың қызы елді тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде тараған видеодан кішкентай болса да, өнерге жақын екені анық байқалады.

Танымал әнші Қарақат Әбілдина мен музыкант Қыдырәлі Болмановтың қыздары көпшіліктің назарын аударып жүр. Өнерлі отбасының ізін жалғап келе жатқан бүлдіршіндердің батылдығы мен еркіндігі желі қолданушыларын сүйсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан кішкентай болса да, өнерге жақын екені анық байқалады. Көрермендер олардың сахна мәдениетіне, өздерін сенімді ұстауына жоғары баға беріп, болашақта шоу-бизнес әлемін бағындыратын жұлдыздарға айналатынына сенім білдірді.

Желі қолданушылары да жылы пікірлерін жаудырып, «Өнерлі отбасының нағыз мұрагерлері», «Анасынан асып түсейін деп тұр» «Жұлдызды жолдары ашық болсын», «Тәп-тәтті балапан, өнерің өрге жүзсін, даусы ашық» екендеген тілектерін жазуда.

Айта кетейік, Қарақат пен Қыдырәлі – отандық эстрадада өзіндік орны бар өнер иелері. Сондықтан олардың қыздарының өнерге жақын болуы көпшілікті таңғалдырған жоқ. Керісінше, тыңдарман қауым жас таланттардың шығармашылық жолын қызығушылықпен бақылап отыр.