$ 494.28  587.06  6.4

«Бізді қорлайсыңдар»: Қайрат Нұртастың қызы көпшілікке өкпесін айтты (ВИДЕО)

Желідегі ағайын негізінен жасөспірімнің киімін, сырт келбетін сынға алатын көрінеді.

Фото: Instagram/kaalau__
Фото: Instagram/kaalau__

Қазақстанның танымал жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау желіде көпшілікке назын білдіріп, ересектердің тарапынан қарша жауған хейттерге жауап қатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бойжеткеннің айтуынша, оған көбіне 40-50 жастағы ересектердің тарапынан көңіліне тиетін ауыр сындар айтылады. Желідегі ағайын негізінен жасөспірімнің киімін, сырт келбетін сынға алатын көрінеді.

"Біз – өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек. Түсіну керек. Жол көрсету керек. Ал, сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды "тәрбие" деп жасырасыздар. Есіңізде болсын: сөз – өте қауіпті қару. Сіздің қарапайым пікіріңіз біреу үшін – жара. Ұят – мен емес. Ұят – ересек адамның баланы кемсітуі. Ұят – жек көруді "тәрбие" деп атау",- деді бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0