Бұл туралы әншінің ұлы, өнер иесі Али Окапов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Роза Рымбаева Алматыда өткен жарқын концерті аяқталған соң, шетел асып, отбасымен бірге демалуға аттанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әншінің ұлы, өнер иесі Али Окапов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол Таиландта түсірілген отбасылық демалыстың суреттерін жариялаған.
Кадрларда Али Окаповтың өзі, анасы Роза Рымбаева, жары Акерке Буркитбай, олардың кішкентай ұлы Зейн және әншінің інісі Мади Рымбаев бірге бейнеленген.
Отбасы теңіз жағасында уақыттарын көңілді әрі жарасымды өткізіп жатыр. Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырды:
– «Үлгілі отбасы екені көрініп тұр», – «Демалыстарыңыз сәтті өтсін!», – «Шынымен де лайықты демалыс», – «Али, анаңды және бауырыңды қасыңа алып жүргенің қандай керемет!»
Жанкүйерлер өнерлі әулеттің бірлігін үлгі етіп, ризашылықтарын жасырмады.