Сөз өнерінің сардары елу жылдан астам уақыт бойы айтыс өнерінің жандануына өлшеусіз үлес қоса білді.
Биыл ақын, журналист, айтыс өнерінің жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 75 жасқа толды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сөз өнерінің сардары елу жылдан астам уақыт бойы айтыс өнерінің жандануына өлшеусіз үлес қоса білді. Таяуда AIQYN газетіне берген сұхбатында "қаламгер саясаттан бөлек өмір кеше ала ма?" деген сұраққа айтыскер ақын былай деп жауап қатты:
Кешеді. Қазір менің саясатпен шаруам жоқ. Алайда ел ішінде болып жатқан саяси үдерістен тыс қалмай, назарымда ұстаймын. Қазіргі уақытта конституциялық реформаларға байланысты қоғамдық пікірталас қызу жүріп жатыр. Бұл жағдайдың бәрін жіті бақылап отырамын. Осындай саяси оқиғаларға қатысты менің де өз пікірім бар. Бірақ оның барлығын айтып, жұртқа жария етпеймін, - деп жауап берді ақын