$ 496  588.01  6.42

«Таныс жігіт те осылайша тастап кетті»: Ләйлә Сұлтанқызының жазбасы елге ой салды (ФОТО)

Тележүргізуші өзін жеңу үшін өзімен қандай "келісімшартқа" отыратынын, өз мақсатын орындауда не көмектесетінін, қандай нәтижеге жеткенін ашық айтты. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мотивацияға толы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тележүргізуші өзін жеңу үшін өзімен қандай "келісімшартқа" отыратынын, өз мақсатын орындауда не көмектесетінін, қандай нәтижеге жеткенін ашық айтты. 

Сонымен қатар, бұл тәселмен тіпті таныс жігітттің темекіні қойғанын мысалға келтірді. 

"Мен неге осындаймын? Бұл пост - ерік-жігері әлсіздерге...

— Сенің аскезаң қандай?
— Неден аскеза?
Шынымды айтсам, бұл тәсіл өз өзін жеңу қиын адамдарға жақсы көмектеседі. Мысалы, мен біраз уақыттан бері тәтті жемеймін, кола ішпеймін, жүрем, жаман ойды жақсыға айналдырамын, бір уақытта ұйықтаймын. Оны жай ЗОЖ емес, арманға негіздеп қойдым: 10 күн, 2 жұма не 1 ай. Өзіммен келісімшартқа отырғандай…
Миға бір ой жібердім: бұзсам, ниетім орындалмайды деген. Сол стоп сияқты жұмыс істейді. Нәтиже? Салмақ кетті, бет тазарды. Ұйқым дұрысталды. Ең бастысы, өзіме сенім пайда болды. Байқап көріңізші.
Ал сізде қандай аскеза болды? А айтпақшы темекі тартатын таныс жігіт те осылайша тастап кетті", - деп жазды Cұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0