16.02.2026, 12:40

«Аман болсын»: Еркін Нұржановтың әкесі инсульт орталығына түсіп қалды

Фото: видеодан скриншот

"Ата аналар ауырмасын, әрқашанда аман болсын!"

Танымал әнші Еркін Нұржановтың әкесі Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасына түсіп, ем қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы аурухана дәрігері Руслан Тастанбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Еркін Нұржанов ағамыздың әкесі 2 қалалық аурухана инсульт орталығына науқастанып түсіп қалып еді, қазіргі таңда жақсарумен келе жатыр.Ағамыз алғысын айтып жатыр. Ата аналар ауырмасын, әрқашанда аман болсын!» — деп жазды дәрігер.

Желі қолданушылары қарияға ізгі тілектерін тілеп жатыр.

"Аман болсын. Алла шипасын берсін", "Сауығып кетсін", "Жұмыстарыңызға сәттілік", - деп жазды оқырмандар.