$ 496  588.01  6.42

«Сыйлыққа 1 миллион теңге»: Айдарбекова келіні Жұлдыздың үйінен жазба жариялады (ВИДЕО)

Қоныстойға барған Гүлзира Айдарбекова ерекше жазба жариялады. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат пен келіні Жұлдыздың Астанадағы су жаңа пәтерінде қонақта болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қоныстойға барған Гүлзира Айдарбекова ерекше жазба жариялап, келініне 1 миллион теңге табыстады. 

"Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағына қоныстойының бастамасы болсын деп, келініміз әулеттегі үлкендерден бата алып, мәре-сәре болып қайттық. Әппақ шаңырақтары берекеге толы, көңілдері әрқашанда аппақ қардай тап-таза болып, үміт артқан ұл-қыздары бақытқа жеткізсін! Алла ұрпағымызбен қуанышқа бөлеп, құдаларымыз мың жылдық құда болуларын қабыл етіп, ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын!", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әдікәрімованы бірге көргендеріне қуанып, жылы пікірлерін жарыса жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0