Танымал әнші, "Формат" тобының мүшесі Қайрат Баекенов "1001 түн" бағдарламасына жұбайымен бірге келіп, сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі алғаш рет отбасы жайлы ашық айтты.
"5 баламыз бар. Үлкеніміз 30 жаста. 49 жақа келеміз биыл. Бесеуі де қыз. Үлкеніміз Лос Анжелес қаласында оқып жатыр. Одан кейінгіміз Дубайда оқып жатыр, 20 жаста.
Басқалары 16, 11, 9 жаста", - деді әнші.
Әншінің соншалықты жас көрінетініне таң қалған желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.
"Екеуі де жап-жас. Бақытты болсын", "Сонда қанша жастарында үйленген", "Қандай керемет", "Өзі 30 жаста сияқты ғой", "Көз тимесін. Жап-жас деп жүрміз ғой", "18 жаста үйленген екен", - деп жазды оқырмандар.