$ 491.97  583.77  6.39

«Анамның қайтатынын сездім»: Ғаділбек Жаңай ең ауыр оқиғасын айтып жылап қалды (ВИДЕО)

"Қабылдай алмадым. Мүмкін емес нәрсе сияқты көрінді".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Ғаділбек Жанай ұзақ уақыттан соң алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі өзінің анасы қайтқан кезде ауыр жағдайын баяндады.

"Мен сезгенмін. Анамның қайтатынын сездіртті Құдай. Ұйықтап жатамын, оянып кеткендегі сезімді айта алмаймын. Ондай қиын болмаған шығар өмірімде. Ауырып жатырмын, бірақ білмеймін қай жерім екенін. Жаман болып жатырмын. Сосын Құдай маған ой салды. Қазір мына телефонға қоңырау келеді. Ол ең жаман коңырау. Шынымен белгісіз номерден қоңырау келіп тұр. Оны алып жастықтың астына тығып қоямын. Тоқтаусыз қоңырау келіп жатыр. Жаман нәрсе екенін біліп тұрмын. Естігім келмей жатыр. Екінші рет қоңырау келеді, мен алуым керек. Бәрібір одан қаша алмайсың. Телефонды көтергенде ағам: "Анаң ауырыңқырап қалды. Бірінші рейспен жет. Сені күтеміз", - деді. Сол сәттен билет алғанмын, нағашы ағамның үйіне барғанмын, бір досым шығарып салған, әуежайда біраз адамдармен сөйлескенмін, ұшақта қасымдағылармен әңгімелесіп барғанмын. Бірақ есім үйге барғанда үйдің жанынан киіз үй тігіп қойғанын көргенде кірді. Сол кезде мен ояндым. Толық 1 күн менің есімде жоқ. Ең қызығы кездескен адамдар сен өте көңілді болдың деді. Енді соншалықты үзіп тастайтындай болса ана мен бала арасындағы байланыстың қаншалықты екенін есептей беріңіз. 1аптаға дейін менде ешқандай эмоция болған жоқ. Барлығы жылап жатты. Өз қолыммен жерледім, топырағын салдым. Жетісі күні самаурын жағып отырғанда жас деген тоқтаусыз кетеді. Оған дейін қабылдай алмай, мүмкін емес нәрсе сияқты көрінді. Анамен ғана сондай байланыс болады екен", - деді әнші.

Желі қолданушылары Ғаділбек Жанайға қолдау білдіріп, өз оқиғаларымен де бөлісті.

"Іштей жылап тұр", "Қандай қиын", "Иманды болсын", "Сананың сезіп тұрып, өзін-өзі алдауы", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0