$ 489.99  580.25  6.38

Ресейде қазақстандық рэпердің үстінен іс қозғалды

Бұл туралы Қауіпсіз интернет лигасының директоры әрі Ресей Қоғамдық палатасының мүшесі Екатерина Мизулина мәлімдеді.

Фото: BK Ганвест
Фото: BK Ганвест

Ганвестке бірқатар әндерінде есірткіні насихаттады деген айып тағылып отыр. Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Қауіпсіз интернет лигасының директоры әрі Ресей Қоғамдық палатасының мүшесі Екатерина Мизулина мәлімдеді.

"Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург қаласы бойынша бас басқармасы Ганвест орындаушысына қатысты бірқатар композицияларында есірткі заттарын қолдануды насихаттауға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қозғады", – делінген хабарламада.

Берілген мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта әкімшілік тергеу жүргізіліп жатыр, ал іс материалдары сараптамаға жолданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0