$ 489.99  580.25  6.38

«Үлкен миссия»: Тұрсын Алагөзов қыз тәрбиесі жайлы пікірімен тәнті етті (ФОТО)

"Қыз тәрбиелеу-үлкен мияссия". 

Фото: tursen_ alaguzov
Фото: tursen_ alaguzov

Танымал продюсер Баян Алагөзованың жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов егіз қыздарымен бірге түскен фотосын әлеуметтік желіде бөлісіп, қыз тәрбиесіне қатысты ой-пікірін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кәсіпкердің айтуынша, қыз бала тәрбиелеу — жай ғана міндет емес, үлкен өмірлік миссия. Ол ата-ананың басты мақсаты сыртқы сұлулығы ғана емес, тәрбиесі мен адамгершілігі жоғары әйел тәрбиелеу екенін атап өтті.

«Өйткені әрбір қыз — тұтас бір әулеттің ертеңі», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, автордың ойын қолдап, ізгі тілектерін жаудырды.

Көпшілік бұл сөздердің мағыналы әрі тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өткен.

"Қандай керемет сөздер", "Дұрыс айтасыз", "Алла жар болсын",  - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0