Нағыз тарихи сәт
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы, қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров Милан қаласында әлемге әйгілі америкалық рэпер Snoop Dogg-пен кездесті. Күтпеген әрі есте қаларлық кездесуді спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жарияланған сурет пен жазба көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Пікір қалдырған оқырмандар: «Снуп Дог сенімен суретке түскеніне қуанышты», «Нағыз тарихи сәт», «Екеуі де бақытты көрінеді» деп жылы лебіздерін білдірді.
Бұл кездесу қазақстандық спортшы үшін ғана емес, оның жанкүйерлері үшін де ерекше жаңалық болды. Әлемдік деңгейдегі шоу-бизнес өкілі мен отандық спорт жұлдызының бір кадрда көрінуі әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен таралып, спорт пен өнердің тоғысқан сәті ретінде бағаланды.