“Осы 30 жылда Жүрсін ағамыз ақындарға 300-ден артық автокөлік мінгізген екен".
Танымал ақын, қазақ айтыс өнерінің аңызы Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Шәкірттерінің ұйымдастыруымен үлкен мерекелік концерт және той өтті. Мерейтой кешінде ақынның шәкірттері Жүрсін Ерманға үлкен тосын сый жасады. Олар су жаңа Toyota 70 автокөлігін сыйға тартты.
“Осы 30 жылда Жүрсін ағамыз ақындарға 300-ден артық автокөлік мінгізген екен. Біз ұстазымыз 75 жасқа толған кезде айтыскер ақын шәкірттері ақылдасып, барлығымыз қосылып
Toyota 80 автокөлігін сыйға тартқымыз келіп тұр. Арнайы алып келдік", - деді шәкірттері.