19.02.2026, 16:20

«Осы әнді айтпашы»: Мөлдір Әуелбекова концертінде жылап қалды(ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Сахнада отырған оның ата-анасы да қызының эмоциясына қосылып, толқуын жасыра алмады.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова гастрольдік сапарларының бірінде «Арман алдамайды» әнін орындау кезінде көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші бұл сәттің видеосын жеке парақшасында жариялап, ән айту барысында жеке өміріне қатысты естеліктер ойына оралғанын айтқан. Сахнада отырған оның ата-анасы да қызының эмоциясына қосылып, толқуын жасыра алмады.

«Әнде эмоция өмір сүреді екен. Сезім сиқыр. Қайдағы жоқты еске түсіріп», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің көңіл күйін түсініп, қолдау білдірді. Олар жылы тілектерін жолдап, әннің әсерінен өздері де толқығандарын жазған.

Алайда кейбір оқырмандар сахнада жиі жылауды дұрыс емес деп бағалап, әртіс эмоциясын ұстай білуі керек деген пікір қалдырды. Олар әнші бұл әнді орындағанда үнемі көз жасына ерік беретініне назар аударып, түрлі сын пікірлерін де білдірген.