19.02.2026, 17:20

«Әкесіне тартқан»: Домбыраның құлағында ойнаған Тұрсынбектің ұлы көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Домбыраны жүрегімен сезеді.

Танымал өнер иесінің ұлы домбыраға деген ерекше қабілетін көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Бейнежазбада жас өнерпаз қазақтың қасиетті аспабын еркін меңгеріп, күрделі күйлерді сенімді әрі шебер орындайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның әрбір қағысы мен әуенді сезіне отырып ойнауы көрерменнің жүрегіне жол тапқандай әсер қалдырды.

Желіде тараған видео аз уақыттың ішінде кеңінен тарап, мыңдаған қолданушының ықыласына бөленді. Көпшілік баланың өнеріне сүйсініп, оның таланты тегін емес екенін атап өтуде.

«Дарынды әкеден дарынды бала туады», «Әкесінің жолын қуған нағыз өнерлі ұл екен», «Домбыраны жүрегімен сезінеді», – деп жазды желі қолданушылары.

Көпшілік пікірінше, бұл өнерлі баланың болашағы жарқын, ал домбыраға деген махаббаты оның үлкен сахналарға шығуына жол ашуы мүмкін.