22.02.2026, 15:30

«Алмас – red flag, мінезі ауыр»: блогер Sabirkin күйеуі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

"Соңғы махаббат" фильмі аясындағы түсірілген жобада, танымал жұп бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады.

Танымал блогер Сабира Жарасқызы жолдасының мінезі туралы ашық айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

"Соңғы махаббат" фильмі аясындағы түсірілген жобада, танымал жұп бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады. Блогердің жұбайы "менің мінезіме қалай шыдап жүрсің" деген сұрақ қояды. 

"Шындығымды айтайын, Алмастың мінезі ауырлау. Сәл «red flag» деп те айтамын мен өзіне. Өзі де мойындайды. Мен осы сол ауыр мінезіне қарамастан жақсы көретін қасиеттері көп. Шынымды айтсам, мен Алмастың мінезіне үйреніп алдым . Мен үшін қазір ешқандай қиындық жоқ", - деп жауап берді Sabirkin.