23.02.2026, 12:20

«Ой елегінен өткіздім»: Құралай Анарбекова жасырған жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Жеке өмірін жасырын ұстап жүрген актриса Құралай Анарбекова жаңа туындысын түсіру процесінде екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Қазір көпшілік салмақты фильмдер түсіріп жатыр, ал мен көрерменге жай ғана көңіл-күй сыйлайтын кино жасағым келді. Жаңа жылға жақын «Подъезд N2» фильмі жарыққа шығады, жақсылап күліп, жеңіл әсермен шығатын комедия. 2019 жылы карантин басталған кезде біз бұл фильмнің түсірілімін бастап үлгермедік. Жобаны уақытша тоқтатып, сценарийді қайта ой елегінен өткізу керек екенін сездім, сондықтан басқа жобаларға кірістік. Биыл осы оқиға өзі-ақ қайта оралды, бір әңгіме бәрін жаңадан қарауға себеп болды. Сценарийді толық қайта құрастырдық, кей жерлерін алып тастадық, көп нәрсені күшейттік, юмор мен қарқынын арттырдық. Нәтижесінде өте көңілді, жеңіл әрі күлкілі комедия шықты", - деп жазды продюсер. 

Айта кетейік, желіде Құралай Анарбекованың сәби күтіп жүргені туралы видео тараған еді.