24.02.2026, 05:30

«Көзі мұңды, әкесіне реніш бар»: Айқын Төлепбергеннің ұлы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Әкесіне түк мейірімі көрінбейді".

Танымал әнші Айқын Төлепберген үлкен ұлы Аңсарды алғаш рет көпшілікке таныстырып, видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, ұлы Аңсар кішкентай кезінен футболға қызығушылық танытып, жаттығып келген.

"Бұл менің ұлым-Нұртан Аңсар Айқынұлы. Жасы-14-те. Балам кішкентайынан Тамостың футбол клубының жаттығуларына қатысып жүрді. Кейін өсе келе, маған: "Папа, мен футболшы болғым келеді" деді. Содан "Хаңтәңірі" клубына алып келдік. Арманы Қаазақстан құрамасында ойнау. Гитарада да ойнайды, джиу-джитсудан әлем чемпионатында 3-ші орын алған. Спортсмен, музыкант, бәрі бар бойында", — дейді Айқын Төлепберген.

Дегенмен, әншінің оқырмандары оның ұлының футболшы болуына емес, көзіндегі мұңға ерекше назар аударғанға ұқсайды.

"Баласының көзінде мұң бар", "реніші бар сияқты", "балаға да оңай емес", "қиын ғой", "Сенің емес, анасының еңбегі ғой", "Әкесіне түк мейірімі көрінбейді", "Анасына рахмет айт", — деген пікірлер жазғандар көп.

Көпшілік іштей әншіні баласының жағдайына кінәлады.