"Түсінігі мол жар болу да бір бақыт!".
Әнші Бүркіт әйелі туралы күтпеген мәлімдеме жасап, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды.
«Латифамызды құшақтап алып, балаларды тастап, өзіміз кеттік демалысқа. Аз уақыт болса да Аиша кішкене бой жазып, демалсын деген ой болды. Төрт баламен бәрібір оңай емес, анауы мында жүгіреді, екіншісі анда жүгірсе, үшіншісі киінгісі келмейді! Төртіншіміздің памперсін ауыстырып үгермей жатса…. Өмір ғой. Өмір осымен қызық! Бәрі жақсы болсын!», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бүркіттің әйеліне деген қамқорлығына тәнті болды.
"Түсінігі мол жар болу олда бір бақыт!", "Барлық ер кісі сіздей болса, біздің елде ажырасу 0-ге түсер еді", "Керемет, әйелге көңіл бөлген жақсы. Берекеңізді Алла арттыра берсін", "Көз тимесін! Керемет әдемі көрініс, жақсы демалыс болсын!", - деп жазды оқырмандар.