24.02.2026, 17:00

«Ертегі ғой, анашым»: Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен қиындықтары туралы жазды

Фото: @sultankyzy

Ол жастық шақта басынан өткен қиындықтарын есіне алды.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы студенттік кезін есіне алып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол жастық шақта басынан өткен қиындықтарын есіне алды.

"Арасы 30 жыл. 1995 жылы балапан едім ғой. Студент кезім… Стипендияны бір айға жеткізіп, ары кетсе ботаникалық баққа барып қыдыратын күндеріміз есімде. Қазір сол жылдардың қиындықтары мен сынақтарын балаларыма айтсам, «Ертегі ғой, анашым», дейді. Ал олардың бүгінгі алаңсыз балалығы сол кездегі үлкендердің ауыр еңбегі, ұмтылысы мен жарқын болашаққа деген сенімінің арқасы деп ойлаймын. Ал біздің болашақ ұрпағымыздың ертеңі - өз қолымызда", - деп жазды Cұлтанқызы.