Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи музей-қорығында түйемен бірге фотосессия жасап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Суреттер ерекше образымен және әсем көрінісімен көпшіліктің көңілінен шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлемге танымал қазақтың халық әртісі көпшілікке күтпеген әрі ерекше образын көрсетіп, түйемен бірге суретке түсті.
Түсірілімнен рестайлинговый түйемен фотосессия, - деп жазды Димаш Құдайберген Іnstagram-дағы парақшасында.
Фотосессия жанкүйерлер арасында қызу талқылануда және ерекше бейнелері көпшіліктің көңілінен шықты. Әншінің жанкүйерлері түрлі пікір қалдырып жатыр:
«Әрдайым керемет!»
«Қиялдағы ертегілер! Өте ерекше және керемет»
«Сіз әрдайым биіктесіз! Рухыңыз ұшып, бағынбаған шыңдарды аңсайды. Абай болу артық болмайды. Жануар салмақты, ойланып әрекет етеді, ал сіз батыр және батылсыз. Фотолар мінсіз!»
«Тамаша суреттер! Түйемен – бұл тіптен ғажап! Сіз «шөлдің кемесін» бағындырдыңыз, таңғалмаймын»
«Екінші фото – шынында топ!»