$ 496.85  585.54  6.49

«Жақсы ене атанатыныма сенімдімін» – Динара Сәтжан (ВИДЕО)

Тележүргізуші баласының бақытын бәрінен биік қоятынын да жасырмады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Белгілі тележүргізуші, продюсер Динара Сатжан отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті. Жүргізушінің ұлы Даниал сүйіктісіне сөз салып, қос ғашық жаңа өмірге қадам басуға шешім қабылдаған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалықты Динара ханым өзінің Instagram парақшасында жариялап, ана жүрегін кернеген қуанышымен бөлісті.

«Жақсы ене атанатыныма сенімдімін», – деген ол болашақ келінін жылы қабылдағанын аңғартты.

Тележүргізуші баласының бақытын бәрінен биік қоятынын да жасырмады.

Желі қолданушылары да ақжарма тілектерін жаудырып, жас жұпқа бақыт тілеуде. Көпшілік Динараның дана ене болатынына сенім білдіріп, ақ батасын берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0