26.02.2026, 17:40

Михаил Шайдоровтың портретін салған суретші The Discover List 2026 тізіміне енді

Фото: @assolyaa

Әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік 50 креаторды біріктіретін жыл сайынғы The Discover List топтамасында Қазақстан екінші жыл қатарынан ұсынылып отыр.

Кілемге Михаил Шайдоровтың суретін салған суретші Әсел Сабыржанқызы (Assolya) The Discover List 2026 тізімінде ел намысын қорғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік 50 креаторды біріктіретін жыл сайынғы The Discover List топтамасында Қазақстан екінші жыл қатарынан ұсынылып отыр.

2026 жылы бұл тізімге Алматы қаласынан суретші Әсел Сабыржанқызы (@assolyaa ) еніп, платформадағы қазақстандық авторлардың халықаралық табысының жалғасын көрсетті.

The Discover List – TikTok-тың халықаралық жобасы, оның аясында жыл сайын әлемнің әр елінен аудиторияны шабыттандырып, трендтерді қалыптастырып жүрген 50 креатор іріктеледі. Авторлар бес санат бойынша ұсынылады:

Оқытушылар (Educators) – өз білімдерін аудиториямен бөлісетін авторлар. Гурмандар (Foodies) – аспаздық бағыттағы бірегей контент жасайтын креаторлар. Иконалар (Icons) – трендтер мен цифрлық мәдениеттің көшбасшылары. Инноваторлар (Innovators) – контент форматтары мен тәжірибе жасап, жаңа бағыт қалыптастыратын авторлар. Кәсіпкерлер (Originators) – желі арқылы өз бизнесін дамытып, өнімдерін креативті түрде ілгерілететін жәнеадал қауымдастық қалыптастыратын авторлар.

The Discover List тізіміне енген креаторлар аудитория белсенділігі, жазылушылар санының өсуі, қаралымдармен лайктар көлемі, сондай-ақ TikTok ішінде және одантыс танымалдық деңгейі негізінде іріктелді. Іріктеу барысында трендтерге ықпал, контент сапасы және аудиториямен өзара байланыс деңгейі де ескерілді. 2026 жылғы тізімге Қазақстанмен қатар АҚШ, Италия, Жапония, Бразилия, Кения, Ұлыбритания, Индонезия, Аустралияжәне Оңтүстік Африка сияқты елдердің креаторлары енді.

Өткен жылы «Оқытушылар» санатында халықаралықдеңгейде мойындалған авторлардың бірі — Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылынан шыққан орыстілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова @botagozomarova2 болды. Көпжылдық тәжірибесі бар ұстаз TikTok-та танымал контент авторына айналып, пәнді оқытуды қызықты әрі пайдалы уақыт өткізудің, сондай-ақ ой-өрістікеңейтудің тиімді тәсіліне айналдырды.

Биылғы шығармашылық сала өкілдері қатарына дәстүрлі өнерді батыл түрде қайта пайымдап, оларды digital-кеңістікте ілгерілетіп жүрген суретші Әсел Сабыржанқызы (@assolyaa) The Discover List 2026 тізіміне «Инноваторлар» санаты бойынша енді. 

Assolya қазақ мәдениетін өз шығармашылығының басты шабыт көзі ретінде қолданады. Ол «Carpet Art» авторлық техникасында жұмыс істеп, кілем бетінде ауқымды көркем туындылар жасайды. Осы арқылы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер элементтерін заманауи визуалды өнермен үйлестіреді.

Суретші өз жұмыстарында қазақ дәстүрлеріне, түркі тарихына және көрнекті тұлғалардың бейнелеріне жиі жүгінеді.

Оның айрықша жобаларының бірі - Ұлы дала патшайымдарына арналған туындылар сериясы. Бұл жұмыстар жоғары детализациясымен, күрделі композициясымен және ұлттық ою-өрнектердің байлығымен ерекшеленеді, тарихи мұра заманауи көркемдік көзқараспен үйлесімді ұштасқан.

Сонымен қатар суретші әлемдік жұлдыздардың авторлық техникада орындалған портреттер сериясын да жасады. Бұл туындылар қатарында Дженнифер Лопес, Килиан Мбаппе, Джеки Чан және Димаш Құдайберген бар.

Кейбір жұмыстарын суретші кейіпкерлердің өзіне табыстаған, бұл оқиғалар халықаралық БАҚ назарын аударып, оның шығармашылығына және Қазақстан мәдениетіне деген қызығушылықты арттырды.

The Discover List тізімінде Қазақстан атынан шығу – мен үшін үлкен мәртебе. Мен ұлттық өнердің заманауи форматта әлемге түсінікті бола алатынын көрсетуге тырысамын. Өз шығармашылығым арқылы қазақ мәдениетіне жаңаша көзқарас қалыптастыруға үлес қосып жатқанына қуаныштымын, – деді Assolya.

Ботагөз Омарова мен Әсел Сабыржанқызының жетістіктері қазақстандық авторлардың жаһандық digital-мәдениетке бейімделіп қана қоймай, оның дамуына белсенді үлес қосып отырғанын көрсетеді. Олар білімді, ұлттық мазмұн мен визуалды кодты халықаралық аудиторияға жеткізіп, жаңа мәдени үрдістерді айқындап келеді.

Біз үшін шабыттандыратын авторлар қауымдастығын қолдау маңызды. Бүгін біз The Discover List 2026 – осы жылы назар аударуға тұрарлық әлемнің түкпір-түкпірінен іріктелген 50 үздік креатордың тізімін қуана ұсынамыз, – деді TikTok компаниясының операциялық бөлімінің жаһандық басшысы Джеймс Стаффорд.

Суретші Әсел Сабыржанқызы белгілі тұлғалардың кілемдегі портреттерін салуымен танымал.