Көпшілік оның бұл әрекетін құптап, жылы тілектерін жаудырып жатыр.
Әнші Айдана Меденова сахнаға оралған сәттерімен бөлісіп, оқырмандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Сахнадан жібермей қойған сәт… жүрекке тым жылы тиді. Бұл ерекше әрі ұмытылмас сәт болды. Осындай эмоциялар үшін баршаңызға үлкен рақмет!», деп жазды әнші.
Оқырмандар Айдананың жаңа көрінісін жылы қабылдап, оның еркін әрі әдемі шашын «қыздың көркі – шаш» деп атап, еркіндік пен сұлулықтың символы ретінде сипаттады.
Көпшілік әншіге жылы тілектерін жаудырып жатыр.
«Аллаға сансыз шүкір! Қайта оралуыңызбен Айданочка», «Красавица Айдана, осылай әдемісіз», «Осы қалпыңда жүр, хиджаб керек емес», «Қарапайымдылығың қатты жарасады» деп жазуда олар.