Аталған жазбадан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
“МузАрт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов кішкентай тыңдарманы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Әнші сахнада өнер көрсетіп тұрған сәтте, көрермендердің бірі баласын алып келіп, оның аузына түкіртіп кетпек болған. Алайда Кенжебек мұндай ырымды жасауға батылы бармаған.
“Суретте ең үлкен тыңдарманымыз тұр. Маған түкіртуге әкелген еді: “Мен жаспын ғой әлі” деп, бұл істі екі ағамызға тапсырдым”, – деп жазды Кенжебек Тұрсынбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аталған жазбадан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. “Қақырығың - қайма алтын, түкірігің - түйме алтын” деген ғой. Түкіріктің грамы қанша теңге тұрады, азаматтар, а?”, “Түкіру жағын Сәкен қатырады”, “Бала Кенжебекке ұқсайды екен”, – деп жазды желідегілер.