02.03.2026, 10:40

«Менің спонсорым жоқ!»: Әнші Әміре ешкім күтпеген жазба жариялады

Фото: Instagram/amre_official

Әміре бұл жолы арманын жүзеге асыру үшін барлық қаражатын тәуекелге тіккенін айтты. 

Қазақстандық әнші Әміре әлеуметтік желідегі парақшасында жеке арманы мен алдағы концерті туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі симфониялық оркестрмен өнер көрсету бала кезден бергі арманы екенін жасырмады:

“Менің спонсорым жоқ! Бала кезден арманым болатын. Үлкен симфониялық оркестрмен концерттерімді өткізсем деген. Бірақ ол арзан дүние емес. Өте қымбат удовольствие. Осы күнге дейін арманым болып қала берді. Жай ғана лайв-бэндпен концерттерім өтіп жүр”, - деді ол. 

Әміре бұл жолы арманын жүзеге асыру үшін барлық қаражатын тәуекелге тіккенін айтты. 

“Осы жолы Астанадағы концертіме барлық жиған-тергенімді салып, ақшамды жинап симфониялық оркестрмен беремін деп шештім.Тәуекел халқым! Билеттерім өтсе, концертімнің 70%-ы ақталады. Билеттер kino.kz сайтында. Астана 22.03.26 күтем! Наурызда күтемін”, - деп тыңдармандарына үндеу жасады.