02.03.2026, 16:40

«Ең жаманы – ата-ана зары мен баланың шырылы шығар»: Ләйлә Сұлтанқызы әсерлі жазба жариялады

Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін «шүкір» деген ой мен сөз бір-бірінен ажырар емес.

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы Таяу шығыстағы болып жатқан жағдайларға байланысты, қазір еліміздегі тыныш өмір үшін "шүкіршілігін" айтып, Президентімізге алғыс білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Дүниедегі ең жаман дауыс - ата-ананың зары мен балалардың шырылы шығар. Соңғы жаңалықтардан Құдай сақтасын. Бүгін «шүкір» деген ой мен сөз бір-бірінен ажырар емес. Бүгін барымызды бағалап, алғыс айтатын күн ғой. Төбеміздегі көк аспан үшін, тегін берілетін білім үшін, халықпен ашық диалог үшін, мәдениет пен ұлттық құндылықтар үшін, көп отбасыға бақыт сыйлаған «Аңсаған сәби» бағдарламасы үшін, ауыл мен қалаға бірдей мүмкіндік жасалғаны үшін, аналар мен балаларға көрсетілген қолдау үшін, зайырлы мемлекет үшін мемлекет басшысына @tokayev_online рақмет! Менің, менің отбасымның, жақындарымның таңдауы - тыныш өмір", - деп жазды Cұлтанқызы.