$ 502.6  589.95  6.5

«Катардан термос, Швейцариядан кофе»: Жұлдыз Әбдукәрімова құрбыларының қоныстойға не сыйлағанын көрсетті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Астанадағы жаңа пәтеріне қоныстойға келген қонақтардың сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жақында жұлдызды жұп Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлнұр Оразымбетова секілді шоу-бизнес өкілдерін қонақ еткен еді. Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, қонақтардың сыйын енді ғана ашып жатқанын айтты.

“Екі күн қонақ күттім. Сыйлықтарды ашатын уақыт болған жоқ, енді ғана қолым тиді”, – дейді ол.

Өнер иесінің қонақтары отбасыға асүйге ыдыс-аяқтар, тақтай және ұлттық тағам салуға арналған астау, сондай-ақ тәттілер, жамылғы, тақтай және тағы басқа керек заттарды сыйлаған. Бұған қоса Жұлдыз Әбдукәрімова құрбысы Қатардан арнайы алып келген термосқа, Хайнаньнан әкелінген шайға, Швейцариядан әкелінген кофеге ерекше назар аударды. 

Актриса алдымен “Үйіңде береке болсын, құрметпен Гүлнұр Оразымбетова”, – деп жазылған ашықхатты оқып, артынан сыйлықтың өзін ашты. Әнші оған үйге киюге арналған киім алып келген.

Сонымен қатар үйдің кенжесі Рабияға да сыйлықсыз қалмады, қонақтар оған киімдер мен ақшалай сый алып келген.

“Барлығыздың ниеттеріңізге, сыйлықтарыңызға, көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге алғысым шексіз. Рақмет, осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын”, – деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0