Ол өзінің қайтуды армандап отырғанын айтты.
Әнші Жазира Байырбекова БАӘ-ден видео жүктеп, оқырмандарының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы
Ол "Келші, айым" әнін орындап, қайтуды армандап отырғанын айтты.
"Амандығымызды білдіретін БАӘ елінен позитив видео болсын!", - деді ол ән орындап.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Әншіге қолдау көрсетіп, жақсылық тілеп жатқандардың ішінде бір топ өнер жұлдызы бар.
"Алла жар болсын", "Елдің ақ батасы мен ақ тілегі қабыл болғай", "Жүрек елжіреді", "Бір Аллаға тапсырдық", "Жүректен жүрек қалмады ғой мына әнді тыңдап", деді олар.