04.03.2026, 17:00

«Ерекше сыйлық»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ресейлік әншінің туған күніне «сый» жасады

Фото: _aiymai.t

Қазақстандық блогер әрі хореограф Айым Аманғали ресейлік музыкант әрі әнші Мотты туған күнімен ерекше тәсілмен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы әншінің "Как к себе домой" әніне би билеп, тренд форматта видео жариялаған.

Бейнежазбаны Айым 2026 жылғы 3 наурызда Instagram парақшасына жүктеп:

— «Мот, туған күніңмен!» – деп жазған.

Желі қолданушылары Айымның биіне жоғары баға берді. Олар:  

«Керемет!», «Өте әдемі!», «Вау, қандай күшті», «Мот сторисіне салыпты!» – деп пікір қалдырған.

Айымның биі әншінің өзін де бейжай қалдырмады. Мот видеоны өз Stories-іне репост жасап, қазақстандық аруға алғысын білдірген.