05.03.2026, 16:20

«Жолымыздың болғаны – анамның дұғасының арқасы»: Төреғали Төреәлінің қарындасы көпті жылатты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Олар бізге үздіксіз дұға етеді".

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы өзінің желідегі парақшасында ерекше видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол анасының түнгі намазда дұға етіп отырған сәтімен бөліскен.

«Сәресіне тұрсам.. анашымның тахаджутте әр баласының есімін айтып дұғада отырған көрінісін көріп елжіреп кеттім. Аналарымыз-ай.. Олар бізге үздіксіз дұға етеді, біз де ата-анамыз үшін сұрай берейікші. Ата-ана үшін жасалатын дұға: «Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!», - деп жазды ол.

Желі қолданушыларының жүректеріне жетіп, елжіреткендерін айтып жазуда.

"Мамам мен папапның дұғасы мен тілегінің арқасы барлық жеткен жетістігім", "Аналарға әдемі қарттық шақ тілеймін. Марқұм болған аналар бізді де солай сақтап жүреді деп сенеміз", "Анаңыз 100 жасасын", "Аман болсын", "Қандай керемет", - деп жазды оқырмандар.