06.03.2026, 09:40

«Жүдеп кеткен»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Денсаулығыма байланысты кейінге шегердік.

Белгілі актер, Дариға Бадықованың экс жұбайы Дархан Мұсаев шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер денсаулығына байланысты кастинг уақытын шегергенін жариялады.

"Құрметті достар! Денсаулығыма байланысты Талдықорған, Семей қалаларында өтетін кастинг уақытын кейінге қалдырдық. Бірақ Алматы қаласы бойынша кастингке келем деушілерге 6-сы мен 9-ы наурыз аралығында өтетін болады. Біз басты рөлдердегі актер мен актрисаны іздеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, мүмкін бұл орын сіздікі болуы мүмкін", - деді Дархан Мұсаев.