$ 493.36  572.84  6.29

«Балаларымды Құдайға тапсырдым»: Айжан Байзақованың анасы отбасына араласпауды өтінді (ВИДЕО)

"Ұлымның ажырасуына байланысты ешқашан пікір білдірген емеспін". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Атышулы блогер Айжан Байзақованың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасысына қатысты айтылып жатқан сын-пікірлер мен артық назарға байланысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, балаларын әрдайым дұрыс тәрбиелеп, олардың дені сау әрі саналы болып өсуіне бар күшін салған. Сондай-ақ үлкен немересін алты жасқа дейін өзі тәрбиелегенін, ал екінші немересіне туғанынан бастап алты ай бойы тәулік бойы қарағанын айтты.

«Ұлымның ажырасуына байланысты ешқашан пікір білдірген емеспін. Қазір де жұрт талқылап жүрген отбасылық мәселелерге араласу ойымда жоқ», – деді ол.

Блогердің анасы әр отбасының жеке өміріне сырт адамдардың араласуға құқығы жоқ екенін атап өтті.

«Қорқыныш пен сын-пікірлерден шаршадық. Балаларым мен немерелерімді Алланың аманатына тапсырдым», – деп жазды ол.

Қазіргі уақытта ол өз денсаулығына, рухани тыныштығына және спортқа көбірек көңіл бөліп, жаңа қызығушылықтарға уақыт арнап жүргенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Байзақованың кіші інісі де өзінің ажырасуына байланысты қоғам тарапынан айтылған пікірлерге жауап берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0