Апау, ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина желіде Димаш ҚҰдайбергеннің әжесімен бірге видео жариялады. Бейнежазбада өнер иесі Димаштың әжесінен қызына сый алып жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Димаштың әжесі өз кезегінде Қарақат пен қызына бақыт, береке тілеп, бата береді.
"Қарақат жаным келе жатқан мерекең құтты болсын! Аялека құдайдан тілеп алған қызыңа бақыт, несібе, дәулет, береке, бәрін берсін! Осы гүлді қызыңа апарып бер! Гүлдей жайнап жүрсін, өмірлерің ұзақ болсын", деді Димаштың әжесі.
Сондай-ақ, Қарақат Әбілдина да апамызға ұзақ ғұмыр тілеп, алғысын жаудырды.
"Міне, Димашымыздың әжесі, анасы Аялекама күшті бата беріп жатыр. Өткенде Аялекама ән айтып шыққанда, бірінші қатарда өзінің үлкен гүлін берген. Сол кезде қызым, маған Димаштың әжесі үлкеен гүл берді ғой, дейді. Кішкентай болса да, қараңызшы баланың есінде қалған. Қандай керемет! Апау өміріңіз ұзақ болсын! Мерекеңізбен!", деді Қарақат Әбілдина.