$ 493.85  571.78  6.25

«Сіздікі тәкәппарлық па?»: Жазира Байырбекованы оқырман сынана үн қатты

Бұл сынға жауап берген Жазира Байырбекова шетелде жүргенде ұшақты өз қалауыңмен таңдау әрдайым мүмкін бола бермейтінін айтты.

 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Дубайдан Қазақстанға оралған танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі желі қолданушыларының бірі қалдырған пікірді бөлісіп, оған қатысты ойын білдірген. Пікір авторы әншіден не себепті елге қарапайым жолаушылармен бірге ұшпағанын сұрап, бұл әрекетін тәкаппарлық деп бағалаған.

«Қарапайым халықпен бірге ұшқыңыз келмеді ме? Барлығы Қазақстан ұшағымен келіп жатыр ғой. Сіздікі тәкәппарлық па?» – деп жазған желі қолданушысы.

Бұл сынға жауап берген Жазира Байырбекова шетелде жүргенде ұшақты өз қалауыңмен таңдау әрдайым мүмкін бола бермейтінін айтты.

«Ондай кезде ұшақты таңдап отырмайсың. Қайсысына отырғызса, соған міне бересің», – деп түсіндірді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова шетелден елге аман-есен оралғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1