07.03.2026, 21:30

Ресми: Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт беретінін растады

Фото: видеодан скрин

Осылайша, қазақстандық тыңдармандар әлемдік поп-музыка жұлдызының екі ірі қалада өтетін концертін тамашалау мүмкіндігіне ие болмақ.

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстандағы концерттері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстандағы концерттеріне алдын ала билет сату басталғанын жариялады. Жазбада концерттің 3 қыркүйекте Астанадағы Astana Arena сахнасында, ал 5 қыркүйекте Алматыдағы Central Stadium алаңында өтетіні көрсетілген. Әнші өз жазбасында: “Қазақстан! 3 қыркүйекте Астанадағы Astana Arena-да және 5 қыркүйекте Алматыдағы Central Stadium-да өтетін концерттерге алдын ала билет сату басталды. Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады”, деп жазған. Осылайша, қазақстандық тыңдармандар әлемдік поп-музыка жұлдызының екі ірі қалада өтетін концертін тамашалау мүмкіндігіне ие болмақ. Қазір желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап, пікір қалдыруда. Көпшілік әншінің Қазақстанға келуін қуанышпен қабылдаған.