"Қыздарым, барлықтарыңызға бақытты сәттеріңіз көп болуын тілеймін".
Әнші Ерке Есмахан стористеріне жауап ретінде басындағы жағдайды баяндаған келіншектің оқиғасы жүрегіне батқанын айтып, оған қымбат сыйлық тарту ететінін жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Мұрын бітеліп, тамақ ауырып, кетпей тұр. Ауа райының, тіпті қабағы ашылмады. Ауырдым деп үйде жата бермей, мамаға барып қайтайық деп отырмыз. Күйеуім менің мамама, жеңге, балдыздарына өзі таңдап гүл алып жүр, жолшыбай тоқтап. Мұндай күйеу менде ғана деймін, жаным. Шүкір", - деп жазды әнші стористе.
Бұл стористі көрген желі қолданушыларының бірі әншіге өз басындағы жағдайды айтып, ағынан жарылған.
"Жақсы жар жолыққан қандай жақсы, бақыттысыз! Бүгін мерекеге алтын алқа сұраймын деп қатты ауыр сөздер естіп, жүрегім ауырып отыр", - деп жазды әншіге желі қолданушысы.
Келіншектің бұл хаты жүрегіне батқан әнші оған бриллиант сыйға тартатынын жеткізді.
"Қыздарым, барлықтарыңызға бақытты сәттеріңіз көп болуын тілеймін. Мейрамда да, қарапайым күндерде де өміріңізді қуанышқа толтырып жүретін қастарыңызға нағыз ер жігітті де тіледім. Мына қыздың хаты жүрегіме батты. Сол үшін алтын емес, бриллиант набор менің атымнан болсын деп сүйіншілетейін. Ал күйеуіңіз келесі 8 мартқа керемет сыйлық алып беретініне күмәнім жоқ. Ренжіспей, бақытты болыңыздар", - деп жазды Ерке Есмахан.
Желі қолданушысы болса, әншіге алғысын жаудырды.
"Ерке ханым, осы кезде қалай жылап отырғанымды білсеңіз ғой, негізі сыйлық күтпеп едім. Тек ішкі күйімді айтып, босатайын деген оймен жазып едім. Рахмет сізге, Алланың құдіреті шексіз екен ғой! Алла сізге мың еселеп берсін, Ерке ханым!", - деп жауап қатты желі қолданушысы.