$ 493.85  571.78  6.25

«Сүйікті жарым»: Динара Сәтжанның кәсіпкер күйеуі ерекше жазба жариялады (ФОТО)

Желі қолданушылары да жазба астында әйелдерді мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін қалдырған.

Фото: zhumabek_zhanykulov парақшасынан
Фото: zhumabek_zhanykulov парақшасынан

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұл әлеуметтік желідегі парақшасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол мерекеге орай ең қымбат жандарын — анасын және өмірлік серігін құттықтап, жылы лебізін білдірген.

«Қадірлі анамның және сүйікті жарымның тұлғасында барша нәзік жандыларды шын жүректен 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шаңырақтарыңызға береке мен жылылық тілеймін. Әрқашан отбасының шырағы болып, қуаныш пен мейірім сыйлап жүре беріңіздер», – деп жазды кәсіпкер.

Желі қолданушылары да жазба астында әйелдерді мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0