09.03.2026, 17:30

«Сүйікті жарым»: Динара Сәтжанның кәсіпкер күйеуі ерекше жазба жариялады (ФОТО)

Фото: zhumabek_zhanykulov парақшасынан

Желі қолданушылары да жазба астында әйелдерді мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін қалдырған.

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұл әлеуметтік желідегі парақшасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ол мерекеге орай ең қымбат жандарын — анасын және өмірлік серігін құттықтап, жылы лебізін білдірген.

«Қадірлі анамның және сүйікті жарымның тұлғасында барша нәзік жандыларды шын жүректен 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шаңырақтарыңызға береке мен жылылық тілеймін. Әрқашан отбасының шырағы болып, қуаныш пен мейірім сыйлап жүре беріңіздер», – деп жазды кәсіпкер.

Желі қолданушылары да жазба астында әйелдерді мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін қалдырған.